Соңғы үш жылда Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының тарихында маңызды өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің негізінде ТОО IAMS бас директоры Жұмағали Исмаилов енгізген жүйелі басқару моделі тұр. Дәл осы өзгерістерді күнделікті сезініп жүрген — дәрігерлер. Сондықтан жақында ұжым атынан алғыс хат жазылып, аурухана басшылығына ұсынылды.Хатта дәрігерлер өздерінің кәсіби өсуіне жасалған жағдайды ерекше атап өтеді. «Біз әрқайсымыз дамуға мүмкіндік алғанымызды сеземіз. Мастер-класстар, симуляциялық оқыту, халықаралық стажировкалар — мұның бәрі біздің күнделікті тәжірибемізді жаңа деңгейге шыға...